Armáda Života     Армия Жизни     Life Army

Our poll

Rate my site
Total of answers: 20

Statistics


Total online: 1
Guests: 1
Users: 0

Flag Counter
Home » 2014 » April » 30 » Ермек Тайчибеков: Ресей империясы қайта орнап, Қазақстан оның губерниясы болғанын қалаймын!
4:57 PM
Ермек Тайчибеков: Ресей империясы қайта орнап, Қазақстан оның губерниясы болғанын қалаймын!
http://old.abai.kz/content/ermek-taichibekov-resei-imperiyasy-kaita-ornap-kazakstan-onyn-guberniyasy-bolganyn-kalaimyn
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураның назарына!
 Ермек Тайчибеков деген азамат Ресей империясы қайта орнап, Қазақстан оның губерниясы болғанын тілейтінін ашық айтып, бір жылқыны құрбандыққа шалыпты. Ол өз әрекетін видеоға түсіріп,  әлеуметтік желілер арқылы таратқан.
Ермек Кенесовичтің шектен шыққан бұл қадамы - Қазақстан Тәуелсіздігіне ашықтан ашық қауіп төндіру, мемлекеттік құрылысқа қарсы шығу екені  кім-кімге де түсінікті болса керек.
Тайчибеков сияқты сыртқы күштердің (мысалы, Ресейдің) ықпалындағы және солардың астыртын қолдауына ие болып отырған азаматтар Қазақстанның саяси Тәуелсіздігін жойып, халқын орысқа бодан етуге құштар әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Өйтпеген жағдайда құзырлы мемлекеттік мекемелер Тайчибековтардың әрекетін қолдайтын болып шығады.

Және Тайчибековтарға Ресейдің империялық ындынын насихаттау үшін өз эфирін берген «Зона.кз» сайты секілді орысшыл шовинистік БАҚ - да еліміздің тұтастығы мен бірілігене ірткі салушы ақпарат көзі ретінде танылуы керек.

Мұхтар Тайжан өзінің «Фейсбуктег» парақшасында Ермектің әрекетіне шара қолдануды сұрап, прокуратураға арыз жазып, сотқа шағымданғандарын, алайда, сот пен прокуратура өкілдерінен Тайчибековтың «тірлігінде» ешқандай қылмыс құрамы жоқ деген жауап алғанын жазады.

Сонда Ресей империясы қайта орнап, Қазақстан оның губерниясы болғанын тілейтін, Қазақстан Тәуелсіздігіне, мемлекеттік құрылысқа қарсы шығып оны төңкеру ниеті барын анық аңғартудан артық қандай қылмыс болуы мүмкін?
 

Abai.kz
Views: 594 | Added by: lesnoy | Rating: 0.0/0
Total comments: 0
avatar

Log In

Search

Calendar

Entries archive

Site friends

  • Create a free website
  • uCoz Community
  • uCoz Textbook
  • Video Tutorials
  • Official Templates Store
  • Best Websites Examples




  •   «EUROPE»

      «AMERICA»

      «POLSKA»

      «РОССИЯ»

      «CHINA»

      «ON FACEBOOK»